• Қаз
  • Qaz
  • Рус

Mańǵystaý Media

16+
  • Қаз
  • Qaz
  • Рус

Жұма, 6 Желт. 2024

Қосымшалар

Редакция
Жарнама бөлімі
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Маңғыстау жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
  • Саясат
    • Тағайындау
  • Экономика
  • Қоғам
    • Мәдениет
    • Құқық
    • Спорт
    • Денсаулық
    • Ауыл өмірі
  • Фото
  • Аудан тынысы
    • Қарақия
    • Мұнайлы
    • Маңғыстау
    • Бейнеу
    • Түпқараған
  • Хабарландыру
  • Жарнама
  • Комплаенс
Газеттер
«Маңғыстау» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1973 жылы Маңғыстау облысының өз алдына шаңырақ көтеруіне байланысты сол жылдың 13 сәуірінде «Коммунистік жол» («Маңғыстау») газетінің алғашқы саны жарық көрді.

Толығырақ

«Огни Мангистау» газеті

Басылым: Орыс тілінде

«Огни Мангистау» – орыс тіліндегі облыстық газет. Бірінші нөмірі 1967 жылғы шілдеде «Огни Мангышлака» деген атпен Шевченко қалалық газеті болып шықты. 1992 жылдың тамызынан бастап қазіргі атауымен шығып келеді.

Толығырақ

«Жаңаөзен» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1990 жылы 1 қаңтарда «Жаңаөзен» газетінің алғашқы саны оқырманға жол тартты. Негізінен, газет 1970 жылы жарық көрген «Жаңарған Маңғыстау» газетінен бастау алады.

Толығырақ

«Аққетік арайы» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Ақкетік арайы» газеті – 85 жылдық тарихы бар басылым. Түпқараған ауданына қарасты бұл газет қоғамдық-саяси апталық басылымға жатады.

Толығырақ

«Жаңа өмір» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1973 жылы Маңғыстау облысының өз алдына шаңырақ көтеруіне байланысты сол жылдың 13 сәуірінде «Коммунистік жол» («Маңғыстау») газетінің алғашқы саны жарық көрді.

Толығырақ

«Мұнайлы» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Огни Мангистау» – орыс тіліндегі облыстық газет. Бірінші нөмірі 1967 жылғы шілдеде «Огни Мангышлака» деген атпен Шевченко қалалық газеті болып шықты. 1992 жылдың тамызынан бастап қазіргі атауымен шығып келеді.

Толығырақ

«Рауан» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1990 жылы 1 қаңтарда «Жаңаөзен» газетінің алғашқы саны оқырманға жол тартты. Негізінен, газет 1970 жылы жарық көрген «Жаңарған Маңғыстау» газетінен бастау алады.

Толығырақ

«Қарақия» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Ақкетік арайы» газеті – 85 жылдық тарихы бар басылым. Түпқараған ауданына қарасты бұл газет қоғамдық-саяси апталық басылымға жатады.

Толығырақ

Маңызды

Маңғыстау облысында жастар арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізіл...

Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу және болдырмау...

    ЕЛ ИГІЛІГІН ЕСЕЛЕЙТІН ҚҰЖАТ

    [ 2023 ] 27 қараша, 09:08  |  Жаңалықтар

    «Бузачи Нефть» компаниясы мен Маңғыстау ауданының әкімдігі арасында 50 млн теңге қаржы көлеміндегі әлеуметтік мәселелер бойынша ынтымақтастық туралы келісім жасалды.

    Ынтымақтастық туралы ортақ құжатқа Маңғыстау ауданы әкімінің орынбасары Маралбек Сейілов пен «Бузачи Нефть» ЖШС бас директорының орынбасары Данияр Дүйсембаев қол қойды.

    – Ортақ меморандумы аясында бөлінетін қаражат Маңғыстау ауданында ауқымды әлеуметтік жобалар мен инфрақұрылымдарды, халық үшін маңызды нысандарды салуға жұмсалады. Әкімдік қолданыстағы заң аясында берілген өтеусіз қаржылай көмектің мақсатты пайдаланылуын бақылауды ұстайды. «Бузачи Нефть» компаниясы бұған дейін де ауданымыздың дамуына атсалысып келеді. Ауданымыздың көп тұрғыны осы компанияда жұмыс істейді. Еліміздің экономикасына қара алтын өндіріп өлшеусіз үлес қосып жүрген компанияның қызметіне табыстар, жұмыстарына сәттілік тілеймін. Аудан тұрғындарының атынан ризашылық білдіремін, - деді Маңғыстау ауданы әкімінің орынбасары Маралбек Мұғайұлы.

    – «Бузачи Нефть» компаниясы өз бастамаларына, соның ішінде әлеуметтік саладағы жобаларына үлкен жауапкершілікпен қарайды. Осы меморандум Маңғыстау өңірінің дамуына зор үлес қосатынына сенімдіміз, - деді компания бас инженері Ғалымжан Сенгирбаев.
    Меморандумның мақсатына сәйкес «Бузачи Нефть» компаниясынан берілетін 50 млн теңге көлеміндегі өтеусіз қаржылық көмекке Маңғыстау ауданының Қызан, Ақшымырау, Шебір, Тұщықұдық ауылдарындағы әлеуметтік жобалар мен инфрақұрылымды дамыту жоспарланған.


    «ШЫҒЫС ҚАРАТҰРЫН»: АПАТТЫ ҰҢҒЫМА ҰДАЙЫ БАҚЫЛАУДА

    Дәл осы күні «Бузачи Нефть» компаниясында бұқаралық ақпарат құралдарына арналған баспасөз мәжілісі өтті. Брифинг күн тәртібінде «Шығыс Қаратұрын» кен орнында орналасқан №303 апатты ұңғымасындағы апаттың салдарын жою мәселелері талқыланды.
    Компания өкілдерінің мәліметтеріне сүйенсек, қазір «Шығыс Қаратұрын» кен орнындағы №303 апатты ұңғымада апаттың салдарын жою жұмыстарының екінші, яғни қорытынды кезеңі өтіп жатыр.

    Еске салсақ, осы жылдың 9 маусымы күні «Шығыс Қаратұрын» кен орнында мердігер ұйым «Заман Энерго» ЖШС технологиялық ережелерді сақтамауы салдарынан газды-су қоспасы атылып, кейіннен ол ашық газ-су фонтанына айналған еді. Мұнай-газ саласының сарапшылары апат салдары алапат отқа ұласқан «ең күрделі деңгей» деген баға берген. Бұған себеп, №303 апатты ұңғыма кенеттен газ немесе су атқылауға бейім сор, батпақты аймақта орналасқан. Оның үстіне апатты жою жұмыстарының қиындығы №303 ұңғыманың каротаж деректерінің, атап айтқанда ұңғыманың 460 метрден төмен орналасқан апатты оқпаны туралы ақпараттың жоқтығына да байланысты болып отыр.
    Апаттың салдарын жою бойынша бірінші кезеңде еңсерілген жұмыстар жөнінде «Бузачи Нефть» компаниясының бас инженері Ғалымжан Сенгирбаев айтып берді.

    – Бастапқыда апаттың салдарын жою бойынша штаб №303-ST және №305-Н екі қиғаш-бағытты босатушы ұңғымалар, сондай-ақ №302 тік ұңғыма бұрғылаудың жеке техникалық жобаларын әзірлеу туралы шешім қабылдады. Осылайша, 2023 жылдың 12 қазанында №305-Н қиғаш-бағытты босатушы ұңғыманы бұрғылау 1305 метр тереңдікте аяқталды. 303-ST ұңғымасы №303 апатты ұңғыма бағытында бұрғыланып жатыр, оның мақсаты – екі оқпанды қосу. №302 ұңғыманы бұрғылау жұмыстары 2023 жылдың 12 қазанында 1220 метр тереңдікте аяқталды. №302 және №305-Н ұңғымаларында тесік жасалып, 2023 жылдың 13 қазанынан бастап жұмысшы газ қабатын суға толтыру және оқшаулау мақсатында тұрақты, күнделікті су айдау жүргізіліп келеді. 2023 жылғы 20 қарашадағы жағдай бойынша 40 000 м3 астам су жіберілді. Нәтижесінде апатты ұңғымадан газдың шығуы айтарлықтай төмендеп, соның салдарынан жалынның қарқындылығы төмендеді. Осылай апаттың салдарын жою бойынша жұмыстардың бірінші кезеңі аяқталды, - деді бас инженер Ғ.Сенгирбаев.

    Осыдан соң, яғни №305-Н ұңғымасын бұрғылау аяқталғаннан кейін каротаждық зерттеулер жүргізіліп, №303 апатты ұңғыма бойынша барлық қажетті көлемдегі геологиялық деректер жинақталған. Жүргізілген зерттеулер нәтижесінде қалыңдығы 2 метрден аспайтын екі шағын газ горизонты (Юрский 1 және 2) жұмыс істеп тұрғаны анықталған.

    – Осы ақпарат негізінде штаб 303-ST ұңғысының жобалық тереңдігін 460 метрден 1040 метрге өзгерту туралы шешім қабылдады. Осылайша 303-ST ұңғымасы №303 авариялық ұңғымасымен 1040 м (тігінен) тереңдікте қосылатын болады. Екі ұңғыманы жалғағаннан кейін 303-ST ұңғымасы арқылы №303 ұңғыманың апаттық оқпанына цементке айналатын ауыр бұрғылау ерітіндісін айдау басталады. Ол газдың шығуын толығымен тоқтатады, - деді «Бузачи Нефть» ЖШС бас директорының орынбасары Данияр Дүйсембаев.
    Ауыр бұрғылау ерітіндісін айдау жұмысы 2023 жылдың 1 желтоқсанынан кешіктірмей басталуы тиіс. Штабтың жоспары бойынша бұл кен орнындағы апатты жою жұмыстарының қорытынды кезеңі болмақ.

    – 303-ST ұңғымасының жобалық тереңдігінің өзгеруіне байланысты МБК-125 бұрғылау қондырғысы осы жұмысты орындау үшін тиімдірек ZJ-20 бұрғылау қондырғысына жедел түрде ауыстырылды. 303-ST және №303 ұңғыма оқпандарын барынша қауіпсіз және дәл қосу үшін «Бузачи Нефть» компаниясы апаттық ұңғыма оқпанының орнын каротажды деректерсіз дәл анықтауға мүмкіндік беретін жоғары дәлдіктегі телеметриялық жабдықтар, акустикалық және магниттік арақашықтықты анықтау жүйелерін алдыртты, - деп атап өтті Д.Дүйсембаев.

    Оның айтуынша, «Шығыс Қаратұрын» кен орнындағы №303 ұңғымасындағы апаттың салдарынан өңір экологиясы зардап шекпеген. Қазір Маңғыстау облысының экология департаменті санитарлық қорғалатын аумақтағы ауа құрамын ұдайы тексеріп тұрады. Осы тексерістер нәтижесінде әзірленген хаттамаға сәйкес, апат болған жерден радиусы 1 шақырым аумақта ауаның ластануы байқалмаған. Ал апатты аймаққа ең жақын деген ауылдың өзі 60 шақырым қашықтықта орналасқан екен.

    «Шығыс Қаратұрын» кен орнындағы №303 апатты ұңғымасында қауырт жұмыс жүргізіп жатқан мамандар газды оқшаулап, су бұрқағын бақылауға алған соң, компания апаттық ұңғыманың сағасын тығыздау бағытында алда атқарылуы тиіс шараларды ескере келе апаттың салдарын жою жұмыстарын жыл соңына дейін аяқтауды жоспарлап отыр.

    Жайық НАҒЫМАШ

    395
    Желіде бөлісу: Facebook Twitter ВКонтакте WhatsApp Mail.ru Telegram
    Image placeholder

    Маңғыстау Медиа

    Редакциялық пікір мақала авторлары мен оқырмандардың пікірлеріне сәйкес келмеуі мүмкін. Жазба және пікірлердегі ақпараттың дұрыстығы үшін авторлардың өздері жауапты.

    Алдыңғы жаңалық

    Екі қазақ әйелі Аэрофлот – Южнаяның алғашқы ұшқышы болған

    Келесі жаңалық

    «Бузачи Нефть» және Маңғыстау ауданының әкімдігі 50 млн теңгеге әлеуметтік мәселелер бойынша ынтымақтастық туралы келісім жасады

    Пікірлер


      Пікір қалдыру үшін жүйеге кіріңіз.
      Жүйеге кіру

      Ұқсас жазбалар

      Рубрикалар

        ТүпқарағанСаясатСпортДенсаулықРедакция газеттеріӘлем жаңалықтарыҚұқықТағайындауӘдебиет

      Автордың басқа да жазбалары

      Маңғыстау облысында жастар арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді

      27 қараша, 17:04
      954

      Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу және болдырмау

      25 қараша, 11:22
      179

      Ақтауда Қазақстан мен Әзірбайжан халықтарының ынтымақтастығын көрсететін «Достық аллеясы» ашылды

      9 қараша, 19:59
      5192

      Франция Ақтау теңіз портының инфрақұрылымына инвестиция салу нұсқаларын қарастырып жатыр

      6 қараша, 10:04
      1532

      Ұлттық Университет әлемдік бәсекеге қабілетті мамандар даярлайды

      5 қараша, 15:02
      1163

      Тамара Дүйсенова Маңғыстауда «Ауыл аманаты» бағдарламасының жүзеге асу барысымен танысты

      4 қараша, 10:06
      6565

      Жарнама берушілерге

      Құрметті жарнама берушілер! Редакция жарнама және басқа да ақылы негізде жарияланатын материалдар қабылдауға әзір. Біз сіздер үшін ең тиімді шарттарды ұсына аламыз. Жарнамалық-ақпараттық қызмет қазақ және орыс тілдерінде көрсетіледі. Сондай-ақ сіздер үшін басқа да қолайлы жеңілдіктер қарастырылған.

      Правила сайта ©

      Любое использование материалов допускается только при соблюдении правил перепечатки и при наличии гиперссылки на mangystaumedia.kz.

      Новости, аналитика, прогнозы и другие материалы, представленные на данном сайте, не являются офертой или рекомендацией к покупке или продаже каких-либо активов.

      Mańǵystaý Media

      Мангистау Медиа благодарит своих партнёров и читателей за постоянную поддержку и доверие. Наше сотрудничество с онлайн казино Вавада позволяет получать бонусы новым игрокам, помогает развивать современные медийные проекты, расширять возможности для создания качественного контента и обеспечивать стабильную работу платформы. Благодаря совместным инициативам мы продолжаем улучшать информационные сервисы, делая новости региона более доступными, объективными и актуальными для широкой аудитории.

      Редакция

      • Редакция туралы
      • Редакция газеттері
      • Редакция ұжымы
      • Байланыс мәліметтері

      Статистика сайта:

      Сопровождение сайта Mediana

      Copyright © Все права защищены | ТОО «Маңғыстау Медиа»