Құрлық әскерлері бас қолбасшысының тәрбие және идеологиялық жұмыс жөніндегі орынбасары полковник Ермиян Бятов әскери қызметшілердің отбасы мүшелерімен кездесті, деп хабарлайды mangystaumedia.kz Қорғаныс министрлігіне сілтеме жасап.
Іс-шара диалог орнатуға және әскери қызметтің ерекшеліктерін түсінуге маңызды қадам болды.
Полковник Ермиян Бятов кездесуге қатысушылардың жұбайлары, әкелері жүргізіп жатқан іс-шаралардың маңыздылығына тоқталды. Мұндай кездесулер отбасындағы өзара түсіністікті нығайтуға септігін тигізетінін айтып, түсіністік танытып, қолдау көрсеткендері үшін алғысын білдірді.
Кездесу барысында әскери қызметкерлердің жұмыс уақытын реттеуге қатысты әлеуметтік, тұрғын үй және басқа да мәселелер талқыланды. Әңгіме барысында айтылған барлық ұсыныстар мен ескертулер ескерілді.
99116 әскери бөлімінің қонақтары “Бекет ата” полигонында болып, шатырлы қалашыққа барды, әскери қызметкерлердің тыныс-тіршілігімен және оқу-жаттығу барысымен танысты. Сондай-ақ әскерилердің тамақтарынан дәм татты.
Құрлық әскерлері бас қолбасшысының атынан үздік әскери қызметшілерге мақтау қағаздары мен бағалы сыйлықтар табыс етілді. Шара әскерге шақырылғандар дайындаған концертпен аяқталды.