Иран Ислам Республикасындағы кезектен тыс Президент сайлауының екінші кезеңіне байланысты Ақтаудағы консулдықта дауыс беру жүріп жатыр, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Ақтаудағы Иранның бас консулы Ғоламреза Хашеми екі үміткер арасындағы сайлауға Маңғыстау облысында Иран азаматтары келіп дауыс беріп жатқанын атады.
«Өткен аптада Иранда сайлау өтті. Заң бойынша бірінші кезеңде үміткердің бірі сайлаушылардың 50 пайыздан астам дауысын жинауы тиіс еді. Ондай көрсеткіш тіркелмегендіктен, бүгін сайлаудың екінші кезеңі өтіп отыр. Бүгін екі кандидат қатысып жатыр. Оның бірі Масуд Пезешкиан болса, екінші Саид Джалили мырза бақтарын сынап жатыр. Бүгін Иранның барлық аймағында және басқа тыс аумақтағы учаскелерде де дауыс беру жалғасуда. Бүгін кешке сайлау барысы толық аяқталады. Содан кейін дауыстарды санау басталып, ертең түске дейін нақты жеңімпаздың есімі белгілі болмақ», - деді консул.
Оның сөзінше, экзитпол бойынша екі кандидаттың қайсысы басым дауысқа ие екені белгісіз.
«Қазіргі жағдайда бірнеше ұйымның мәліметі бойынша екі үміткер де тең келе жатыр. Сондықтан қайсысы әзірге басым екені белгісіз», - деді Ғоламреза Хашеми.
Өткен аптада да Иранның Ақтауда жүрген көптеген азаматары келіп дауыс берген болатын.
«Бүгін таңертеңнен беру дауыс беру жалғасып жатыр. Кешкі 19:00-ге дейін жалғасады. Иранның осындағы азаматтары жұмыста кейін дауыс беріп үлгермеуі болған жағдайда тағы бір сағат қосуымыз мүмкін. Сондай-ақ, өткен аптада Ақтау теңіз портындағы кемелерде Иран азаматтары болғандықтан біз соларға барып дауыс жинадық. Осы жолы да сондай азаматтар болса, дауыс жинау қарастырылған», - деді Ғоламреза Хашеми.