Ақтауда жылу құбырында болған апатты жағдайдан кейін бірқатар балабақшалар уақытша жұмыс істемейді, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Бұл туралы қалалық білім бөлімінің өкілдері мәлімдеді.
"Қаламыздың жоғарғы шағынауданның магистралдық жылу құбырындағы ақауға байланысты №26, 28, 31, 34, 35, 36, 46 балабақшаларда жылу болмағандықтан, ертең 11.12.2023ж бала қабылдамайтынын хабарлаймыз. Келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз", - деп жазылған хабарламада.