Мереке қарсаңында Ақтау технологиялық қызмет көрсету колледжінің студенттер жатақханасы ашылды, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Заман талабына сай жарақтандырылған 500 орындық жатақхана 5 қабат, 240 бөлмеден тұрады. Жатақханада санитарлық-гигиеналық үй-жайлар, демалыс бөлмесі, компьютерлік сынып, оқу залы, медициналық пункт, кір жуатын орын, үтіктеу бөлмелері, барлық қажеттілігі бар буфет, спорт алаңдары бар.
Салтанатты жиынға облыс әкімінің орынбасары Қанат Құлжанов, білім беру саласының қызметкерлері, мемлекеттік органдардың басшылары, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері, «NCOC» компаниясының өкілдері, Ақтау технологиялық қызмет көрсету колледжінің серіктес мекемелері, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының өкілдері, колледждің ардагерлері, ата-аналар мен колледж студенттері қатысты.
Қонақтар ғимаратпен танысып, концерттік бағдарламаны тамашалады.