Ақтауда көктемгі сенбілік аясында 400-ге жуық ағаш отырғызылды, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Қала әкімдігінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, жасыл-желектер 7 мен 5 шағынаудан және 11а мен 24 шағынаудан аралығындағы жол жиегіне, 15 шағынаудандағы «Самал» теңіз жағалауына отырғызылды. Экологиялық іс-шараға қала әкімдігінің 170-ке жуық қызметкері қатысты. Ақтау қалалық тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық бөлімі сенбілік қатысушыларын қажетті заттармен қамтамасыз етті.
- Көктемгі сенбілік аясында қала аумағына 160 қылқан жапырақты және 239 жапырақты ағаш отырғызылды. Шараның мақсаты - қаланың санитарлық тазалығын сақтау және экологиялық жағдайын жақсарту. Көктемгі сенбілік мамыр айына дейін жалғасады. Барша қала тұрғындарын сенбілікке қатысуға шақырамыз, - деді Ақтау қалалық тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық бөлімінің маманы Нұрбол Әділов.