Ақтау қаласының әкімі Ұлықбек Тналиев магистральдық сумен жабдықтау құбырында апаттарды жою жұмыстарына байланысты бірқатар шағын аудандарда ауыз су қысымын реттейтін сорғы станциялары уақытша өшірілгендігін айтты. Қала әкімі жөндеу жұмыстары жүргізілгеннен кейін ауыз судың қысымы біртіндеп артатындығын түсіндірді, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қаламызда сумен жабдықтау және жылумен жабдықтау желілерінің тозуы шамамен 80% пайызды құрайды. Қала әкімі магистральдық желіні жаңарту бойынша ауқымды жұмыстар жүргізілетінін айтты.
- Қыс мезгілінде жылу желілерінде болған апаттар бәріміздің есімізде. Аталған мәселені шешу үшін қазір 12 км магистральдық желіні жаңарту бойынша ауқымды жұмыстар жүргізілуде. Кеше магистральдық сумен жабдықтау құбырында апаттар жойылды. Бірқатар шағын аудандарда ауыз су қысымын реттейтін сорғы станциялары өшірілді. Қазіргі уақытта гидравликалық соққының алдын алу мақсатында жөндеу жұмыстары жүргізілгеннен кейін ауыз судың қысымы біртіндеп артады. Келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз!, - деді Ақтау қаласының әкімі Ұлықбек Тналиев.