Бүгін түнде Ақтау қаласының әкімі Әбілқайыр Байпақов магистральдық су құбырындағы жөндеу жұмыстарын тексерді, деп хабарлайды mangystaumedia.kz қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«МАЭК» ЖШС «ОСЖТ-2» мен «ОСЖТ-3» магистральдық су құбырындағы жөндеу жұмыстарына байланысты 19 шілде сағат 23.00-09.00-ге дейін «ОСЖТ-3-тен» қаланың жоғарғы және төменгі аймақтарына ауыз су беруді тоқтатқан болатын.
- Осының себеп-салдарын түсіндіргіміз келіп тұр. «ОСЖТ-2» мен «ОСЖТ-3» аралығында су құбыры бойында үш жерде ақау шықты. Бүгін түнімен осы жұмысты аяқтап, қазір жөндеу жұмыстары аяқталғаннан кейін суды береміз деп жоспарлап отырмыз. Құбырдың салынғанына 40 жылдан астам уақыт болған. Сондықтан да әр жерден осындай ақаулар шығып тұр. Түсіністікпен қарауларыңызды сұраймыз, - деді Ақтау қаласының әкімі Әбілқайыр Байпақов.