21 қыркүйек күні түнде Ақтау қаласы 15 ш/а теңіз жағалауында «Лада 21723» және «Nissan tiida» маркалы автокөліктері тоқтатылды. Тексеру барысында екі жүргізушінің де көлік құралын масаң күйде айдағаны белгілі болды, деп хабарлайды mangystaumedia.kz
35 және 41 жастағы жергілікті тұрғындар бұған дейін де әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Олардың үш жыл мерзімге дейін көлік басқару құқықтары жоқ екені анықталды.
Қазір аталған деректерге қатысты ҚР ҚК-нің 346-бабы бойынша (көлік құралдарын басқару құқығынан айырылған және алкогольдік, есірткілік пайдаланған масаң күйдегі адамның көлік құралын басқаруы) сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Күдіктілер Ақтау қаласы ПБ Уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.