Ақтауда "Ана мен бала" орталығында COVID-19 инфекциясын жұқтырған 40 әйел ем алып жатыр, оның бесеуі жансақтау бөлімінде, ИВЛ аппаратына қосылған, деп хабарлайды mangystaumedia.kz
«Егер дені сау ұрпақ керек десек, ана мен баланың аман қалғанын тілесек, келіндерді шәй құюға, үй көрсету, қызмет ету деген сылтаумен көпшілік жиналатын орындарға (той, садақа) апаруды доғару керек. Әсіресе, жүкті әйелдерді. Осылардың себебінен коронавирус жұқтырған әйелдер көбейді, халық көп жиналатын орындардан вирус жұқтырып жеке бастары мен жатырындағы баланы қауіп қатерге тігіп отыр», - дейді дәрігерлер.