Бүгін Маңғыстау облысының жастары мен волонтер ұйымдар бірлесіп Ақтаудағы 14 шағынауданға 40-қа жуық тал көшеттерін отырғызды, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Сонымен қатар, жастар қалаға абаттандыру жұмыстарын жүргізіп, саябақтарды күл-қоқыстардан тазартты.
Экологиялық жоба 15 мамыр күні жастар және волонтерлар ұйымдарының қатысумен барлық өңірлерде парктер мен скверлерді тазалау мақсатындағы «Таза парктер» экологиялық акциясымен және 25 мамыр күні барлық өңірлерде «Киелі Табиғат» экологиялық плоггинг өткізу шараларымен жалғаспақ.
Айта кетейік, Қазақстан өңірлерінде жастар арасында экологиялық сана мен мәдениет деңгейін арттыруға, қоршаған ортаға ұқыпты қарауға, әрбір елді мекенде экологиялық жағдайды түзету мақсатында «Киелі табиғат» экологиялық жобасы бастау алды.
Осы жобаның жоспарына сәйкес бүгін 8 мамыр - “Естелік саябағы” күні.