Теңізшевройл Маңғыстау облысында жалпы сомасы $2,3 миллион құрайтын әлеуметтік жобаларға қолдау көрсетті, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Қазақстандағы ең ірі салық төлеуші және жұмыс беруші компания -«Теңізшевройл» ЖШС (ТШО), елдің және аймақтың экономикасын дамытуға қомақты үлес қосатын игілікті шараларын жалғастыруда. ТШО-ның «Әлеуметтік инвестициялар бағдарламасы» қоғамның мұқтаждықтарын назарға алып, білім, денсаулық және экономикалық дамуды қолдайтын жобаларға қолдау көрсетеді.
Маңғыстау облысында «Әлеуметтік инвестициялар бағдарламасы» 3 жыл бойы жұмыс істеп, соның нәтижесінде 13 жобаға, жалпы сомасы 2,3 миллион АҚШ долларына тең көмек көрсетілді. Солардың ішінде 9 жобаны жергілікті үкіметтік емес ұйымдар сәтімен жүзеге асырды. 2020 жылы ТШО Маңғыстау облысындағы 8 әлеуметтік жобаға 1 миллион АҚШ долларын құйды. Осы жобаларды жүзеге асыру үшін серіктес ретінде ТШО төмендегі ұйымдарды жұмылдырды: «Ақбөбек» үкіметтік емес ұйымы, «Ұрпақ Next» Қоғамдық қоры, "Шаңырақ" Қоғамдық қоры, «Жастар Жетістіктері» Қоғамдық қоры, Орталық Азиядағы Евразия қоры, Британдық Кеңес, Қазақстанның отбасылық дәрігерлер ассоциациясы.
«Әлеуметтік инвестициялар бағдарламасы» аясынан тыс, 2020 жылы ТШО Маңғыстау облысындағы ұйымдарға спонсорлық көмек көрсетуді жалғастырды. Мысалы, төмендегі жабдықтар тегін таратылды:
• Боранқұл және Баутино елді мекендерінде балалар ойын алаңын салуға арналған жабдық;
• Ақтау қаласындағы, мүмкіндігі шектеулі балалар мектеп-интернатына қажетті жабдықтар;
• Түпқараған ауданы, Баутино елді мекенінде екі мектепке робототехникамен айналысу үшін су жаңа жабдық тарту етілді;
• «Қызылсай» мемлекеттік өңірлік табиғи паркіне екі қайық берілді;
• Форт-Шевченко қаласындағы мәдениет үйіне сахналық костюмдер берілді.
Маңғыстау облысы, Жаңаөзен қаласын әлеуметтік-экономикалық дамытуға арналған, ҚР Үкіметі бекіткен кешенді жоспар аясында, «Теңізшевройл» ЖШС өңірдің жұмыссыз азаматтарын бүгінгі нарыққа қажет мамандықтарға оқытуды жалғастыруда, мысалы: электромонтаждаушы, құрылыс құрылымдарын дәнекерлеуші, құбыр орнатушы, жүк ілуші, металл құрылымдарды орнатушы, құрылыс сатыларын орнатушы, құрылыс жұмысшысы, бақылап-өлшеу аспаптарын орнатушы, құбыр дәнекерлеушісі. Бұл бағдарлама қатысқысы келетін үміткерлерді жұмыспен қамту орталықтары жергілікті атқарушы органдармен ынтымақтаса отырып іріктейді. Бүгінгі таңда аталған оқуға қатысқан Маңғыстаулық азаматтардың саны 394 адамды құрайды.
Маңғыстау облысындағы «Әлеуметтік инвестициялар бағдарламасының» қысқа мерзімге арналғанын ескере отырып, ТШО қаржылай көмек пен жүзеге асырылған әлеуметтік жобалардың осы өңірде ТШО-ның игілікті шараларынан қоғамға барынша пайдалы із қалу үшін бар күш-жігерін жұмсады. Жергілікті атқарушы билік жобаны жүзеге асыру барысында барлық көмегін көрсетті.