Маңғыстау облысы Полиция департаменті бастығының міндетін атқарушы Амангелді Халмұрадов және Департамент басшысының орынбасары Амангелді Досжанов “Nur Otan” партиясының облыстық филиалында азаматтарды қабылдады, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Басшылықтың қабылдауына сегіз адам жазылды. Қабылдауға келген азаматтар басшыға әкімшілік істер, көші-қон мәселесі, жол қозғалысы бойынша сұрақтарын қойды. Ведомство басшылары келіп түскен барлық сұрақтар бойынша мән-жайлар мұқият тексерілетінін айтты.
Сонымен қатар, азаматтар басшылыққа сұрақтарын қойып қана қоймай, полицейлерге қызметі үшін алғыстарын да білдірді. Мәселен, Ресей азаматы Роман Темірәлиев ПД көші-қон қызметіне көрсеткен көмегі үшін ризалығын білдірді.