Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли фейсбук парақшасында жазды.
"Бүгін, Нұр-Сұлтан қаласының уақыты бойынша сағат 11:00-де Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің бесінші отырысы өтеді. Онлайн форматта өтетін жиында елімізді дамытудың өзекті мәселелері, бұған дейін жасалған ұсыныстардың орындалу барысы талқыланады деп жоспарлануда.
Аккредитациядан өткен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері үшін «Қазмедиа орталығынан» аталған іс-шарадан ақпарат таратуға мүмкіндік жасалған. Сондай-ақ Twitter әлеуметтік желісіндегі @AkordaPress парақшасында твит-трансляция жүргізіледі", делінген жазбада.