Түпқараған аудандық сотында ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабының 1-бөлігімен А-ға қатысты әкімшілік іс қаралды, деп хабарлайды mangystaumedia.kz
Сот отырысында анықталғандай, А. 9 ақпан 2021 жылы көлік құралын алкогольдік масаң күйде басқарған. Сот қаулысымен А. ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабының 1-бөлігімен кінәлі деп танылып, ол 15 тәулікке әкімшілік қамаққа алынып, оған 7 жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айыру жазасы тағайындалды, делінген Түпқараған аудандық сотының баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.
Қаулы заңды күшіне енген жоқ.