Облыс әкімі Серікбай Трұмовтың төрағалығымен Маңғыстау облысы әкімдігінің жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі комиссияның кезекті отырысы өтті.
Отырысқа департамент басшысы Б.Жылқыбаев пен оның бірінші орынбасары Қ.Мырзағали, құқық қорғау органдары мен мемлекеттік органдарының басшылары, қала және аудан әкімдері, қоғам мен БАҚ өкілдері қатысты.
Күн тәртібіне сәйкес, Сервистік әкімдіктер мен өзіне-өзі қызмет көрсету бұрыштары қызметінің жұмыс барысы, сыбайлас жемқорлықты қабылдау индексі бойынша халықаралық ұйымдардың жүргізген әлеуметтік зерттеулерінің нәтижесін талқылау шығарылды.
Өз кезегінде департамент басшысының бірінші орынбасары Қ. Мырзағали "Transparency Kazakhstan" халықаралық ұйымының "2020 жылғы Қазақстандағы сыбайлас жемқорлық жай-күйінің мониторингі" атты зерттеуінің нәтижелері, нормативтік құқықтық актілеріне енгізілген сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылықтары үшін жазаның күшейтілгені туралы баяндама жасап, жемқорлықтың алдын алуға бағытталған шаралар жөнінде нақты ұсыныстар енгізді.
Облыс әкімі С.Трұмов отырысты қорытындылай келе, барлық мемлекеттік орган басшыларына сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында нақты тапсырма берді.