Маңғыстау аудандық орталық ауруханасында 99 күндізгі төсектік және 150 ауысымдағы емхана, 10 дәрігерлік амбулатория, 6 медициналық пункт арқылы халыққа медициналық көмек көрсетіледі. 2020 жылы Маңғыстау ауданында дәрігерлік санақ бойынша халық саны - 34 597, оның ішінде Шетпе селосы халқының саны – 16 176 құрап отыр. 14 жасқа дейінгі бала саны - 13 808, оның ішінде 1 жасқа дейінгі бала – 1 072, ал жасөспірімдер саны - 1 651. Барлық әйелдер саны - 17 021. Бұл туралы Маңғыстау аудандық орталық ауруханасының бас дәрігері Жанар Сайынқызы хабарлады.
Ауданға 2019 жылы - 4 дәрігер, 2020 жылы да 4 дәрігер келген. Бүгінде аудан халқына 63 дәрігер және 281 мейірбике қызмет көрсетеді. Жыл қорытындысы бойынша 24 дәрігер, 198 мейірбике біліктілік санатын алған. 2020 жылы 22 медицина қызметкері, атап айтқанда 6 дәрігер және 16 мейірбике бір жолғы ақшалай көмек алды. «Дипломмен ауылға» бағдарламасы бойынша 13 медицина қызметкері, 6 дәрігер және 7 мейірбике баспанаға қол жеткізген.
Емдеу-профилактикалық орындардың материалдық, техникалық базасын жабдықтау бағытында бірқатар жұмыстар жасалынды. Аудандық аурухананың медициналық құрал жабдықтармен қамтылуы 84% құрайды. Былтыр аудандық ауруханаға жаңадан мынадай медициналық құралдар алынды: жылжымалы рентген аппараты – 1, компьютерлік томография – 1, ересектерге және балаларға арналған жасанды өкпе желдету құралы – 2, ЭКГ -1, Коагулометр – 1, компьютер -50, жедел жәрдем көлігі – 7.
Демеушілік көмек арқылы 45 оттегі концентраторы, 59 пульсоксиметр, 2 тепловизор, маска респиратор 1500 дана, 54700 дана бетперде, 57950 дана қолғап, небулайзер 2, пластик қорғаныш экраны 40, қорғаныш костюмі 56, қорғаныш дәрігерлік халат 50, комбинезон халат 600, көзілдірік 24, оташы костюмінің 70 данасы алынды.
2019 жылмен салыстырғанда аудан бойынша демографиялық көрсеткіштің жоғарылауы байқалды. Ана өлімі 2019-2020 жылдарда тіркелген жоқ. 2019 жылы өмірге келген бала саны 1 047 болса, 2020 жылы 1 129 бала өмір есігін ашқан. Жол апатынан, уланудан өлім-жітім саны 2019 жылы 13-ті құраса, 2020 жылы 9 дерек орын алған, былтырғы жылмен салыстырғанда 11,5 пайызға төмендегені байқалады.
2020 жылы қараша айынан бастап бірінші деңгейдегі инфекциялық бөлімде 15 тәуліктік кереует ашылып, күні бүгінге дейін жұмыс жасап тұр. Өткен жылы вируспен ауырып түскен адам саны - 406, оның жазылып шыққаны - 385, стационарда пневмония мен коронавирустан қайтыс болғаны - 21.
2020 жылдың наурыз айында пандемияға байланысты 30 төсектік карантиндік автобекет ұйымдастырылды, инфекция бөлімінің 2 бокс палатасы - КВИ провизорлық стационар бөлімі болып ашылды. КВИ провизорлық стационардағы пациенттерді күтуді қамтамасыз етуге 7 дәрігер, 5 мейірбике және 6 кіші қызметкер, карантиндік стационарға 4 дәрігер, 2 мейірбике, 2 кіші қызметкер жұмылдырылды. Төтенше жағдайға байланысты блокпост ашылып, онда 4 фельдшер мен 2 кіші қызметкер жұмыс жасады.
Скринингтік тексеруден 9195 бала өткен, анықталған ауру саны 77, емделгені 75, диспансерлік есепке 2 бала алынды. Сүт бездері қатерлі ісігін алдын-алу мақсатында 1071 әйел тексеруден өткен, оның 229 ауру белгілері анықталған, емделіп есепке алынған саны – 2. Жатыр мойын ауруын анықтау үшін 1 127 әйел қаралған, оның 40 ауру белгілері анықталды. Жүрек қан-тамыр ауруларын анықтау бойынша 2 467 дәрігерлерге жолыққан, оның 14 ауырғандары анықталып, барлығы да дәрігерлік есепке алынған. Қант диабеті бойынша 2 467 адам қаралып, 6 науқас есепке алынды. Глаукома бойынша 2 467 адам қаралған, оның тек екеуінде ғана ауру белгілері анықталып, есепке алынған. Ішек қатерлі ісігін анықтау бойынша 1 291 адам қаралған және тек 1 науқасқа диагноз қойылған.
Сондай-ақ, жүкті әйелдер мен ерте жастағы балаларға универсальды патронаж жасау бойынша таратылған анкета саны – 4 800 және 27 семинар-тренинг өткізілген. Жасөспірімдер арасындағы суицидтің алдын-алу тақырыбында психиатр-нарколог дәрігер мектептерде 2 рет семинар өткізген. Халықты бекітілген халық тізімдігі (РПН) жүйесіне тіркеу Egov электрондық порталы арқылы тіркеу жүзеге асырылды. Сай-Өтес диспансерлік амбулаториясына және Тұщыбек медициналық пунктінде кезеңді жөндеу жұмыстары жүргізілген. COVID-19 індетінің алдын-алу үшін, сонымен қатар таралу жолдарын азайту мақсатында аудандық емханада - 2, сонымен қатар 10 елді мекен бойынша - 10, барлығы – 12 мобильді топ іске қосылды. Аудан бойынша берілген «Экспресс тест» саны 4 775 құрады. Халық арасындағы аурушаңдық пайызын анықтау мақсатында «диспансерлік» есепте тұратын, атап айтқанда АҚҚ, қант диабеті, өкпенің созылмалы аурулары бойынша медицина, әкімшілік, ішкі істер органдары қызметкерлерінен 4 297 экспересс-тест сынамасы алынды.