Ақтауда карантинді сақтау бойынша мобильді топтар жұмысы жалғасуда. Полиция қызметкерлері, әкімдік өкілдері дүкендерді, сауда орталықтарын, мейрамханаларды және басқа да кәсіпкерлік субъектілерді тексеру жалғасып жатыр.
Ақтау қаласы әкімдігінің мониторингтік топтары қала бойынша сағат 15:00-18:00 аралығында рейдқа шықты.
Рейд барысында 30-дан астам нысан тексерілді, 2 нысанға акт толтырылды, 7 нысаннан түсініктеме алынды.
Нәтижесінде санитарлық талаптарды сақтамаған «Soveren» кафе, «Cristal» кафе, «Рандеву» кафе, «Пеликан» кафе, «Ресурс» дүкен, «Мимино»,«Kinza» дәмхана, "Аққала Молл", "Metropolis", "Samarkand", "Мечта", "Prestige" нысандарынан түсініктеме алынып, «Алтын Орда», «Олжа» акт толтырылды, делінген Ақтау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.