Түпқараған ауданындағы Ақшұқыр ауылының М. Әбдіхалықов атындағы мектеп-гимназиясында 9 сынып оқитын Азиза Нұрланқызы мультипликация, анимация жасаумен айналысады.
Болашақ мамандығын осы саламен байланыстыратын Азиза бұл мамандықты 7 сынып оқып жүргенде таңдап қойған. Болашақ аниматор, мультипликатор Азиза бүгінде мультипликаторлар еңбек нарығында 72 % сұранысқа ие ең қажетті мамандар екенін де зерттеп үлгерген. Болашақта Т. Жүргенов атындағы өнер академиясында осы бағыт бойынша жоғары білім алғысы келеді.
- Мультипликатор–мультфильмдер жасайтын суретші дегенді білдіреді. Аниматор кейіпкерлердің сыртқы түрін анықтайды. Қимылын сызып, сюжеттік желімен жұмыс істейді. Оған түс пен қиялды қосыңыз. Барлығы қосылып сіз көретін мультфильм, анимациялық фильмді құрайды. Суретті бала күнімнен салып жүргендіктен, оны соткада түрлі графикалық бағдарламаларды қолданып салуды үйрене бастадым. Содан бастап, мен алғаш қызғушылығым оянып, ата-анамнан графикалық суреттерді салатын планшетте жұмыс жасағым келетінін жеткізгем. Ата-анам сөзімді жерге тастамай, бірден барлық шығармашылық қолдау білдірді",- дейді Азиза.