Маңғыстау облысында Иммундауды дайындау және жүргізу жөніндегі іс-шараларды жедел жоспарлау және үйлестіру мәселесі жөніндегі штаб құрылды.
Өңірде екпені жеткізу, оларды арнайы орындарда сақтау, вакцина саларда қауіпсіздік шараларының сақталуы жайында арнайы мамандар семинар өткізді. Оған қала, аудандардан дәрігерлер қатысып, біліктілігін арттырды.
Жалпы, халықты вакцинациялауға дайындық барысы жайында Маңғыстаулық дәрігерлер баспасөз конференцияларына қатысып, БАҚ арқылы ақпараттық түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Маңғыстау облысында вакцинацияны жүзеге асыратын 10 егу бөлмесі дайын.
Вакцинация маршруты жасақталды. Екпені сақтайтын арнайы мұздатқыштар, термоконтейнерлер мен хладоэлементтер дайындалды. Бұдан бөлек қосымша мұздатқыштар сатып алу жоспарда бар. Емханаларда егу кабинеттері дайын. Барлық медицина қызметкері оқудан өтіп жатыр. Егуге белгіленген адамдар тізімі белгіленді.
Ең бірінші болып инфекциялық ауруханада жұмыс істейтін медицина қызметкерлеріне екпе салынады. Мұнан соң жедел жәрдем, емханада қызмет ететін мамандарға салынады.