Қарақия аудандық сотында сот қызметкерлерінің қатысуымен «Мемлекеттік қызметшінің әдебі және мінез-құлық нормалары» тақырыбында семинар сабағы өткізілді. Бұл туралы Қарақия аудандық сотының баспасөз қызметі хабарлады.
Іс-шара барысында кеңсе меңгерушісі Ж.Қолғанат аталған тақырып бойынша баяндама жасап, онда әр мемлекеттік қызметші білуге тиіс жалпы қабылданған талаптарды, мемлекеттік қызметшілердің іскерлік киім үлгісін сақтау, телефон желісінде сөйлесу әдебін сақтау, БАҚ-та, әлеуметтік желілерде сөз сөйлеу кезінде ұстанатын негізгі талаптар, Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексінде көзделген мінез- құлықтың жалпы стандарттарын, қызметтік қатынастардағы және қызметтен тыс уақыттағы мінез-құлық стандарттарының талаптарын түсіндірді.
Семинар сабағы соңында Ж.Қолғанат мемлекеттік қызметкер өзінің жұмыс уақытын үнемді пайдаланып, еңбек тәртібін сақтауы тиістігін атап өтті.
Іс-шара соңында сот мамандары да аталған тақырып бойынша өз ой-пікірлерімен алмасты.