Бейнеу аудандық мәслихат депутатына үміткерлер Саламат Гайыпбаев пен Бекарыс Серіккали Есет ауылының тұрғындарымен кездесті. Кездесуде сайлауалды бағдарламамен таныстырып, «Nur Otan» партиясының "Өзгерістер жолы: Әр тұрғынға лайықты өмір!" бағдарламасындағы мақсатты жоспарларын айтып өтті.
«Nur Otan» партиясы азаматтарымыздың өмір сүру сапасын жан-жақты арттыруды, әркімнің таза суға, ауаға және сапалы жолдарға қол жеткізуін қолдайды. Тұрғын үй-коммуналдық саланы жаңғыртуға, сондай-ақ қолайлы экологиялық жағдайды сақтауға бағытталған «Нұрлы жер», «Ауыл – Ел бесігі» жобаларын іске асыруға жәрдемдесетін болады.
Жол – әр ауданда өмірдің басты артериясы. Ауданның барлық ауылдарында сапалы жолдар мен азаматтар үшін инфрақұрылым болуы керек. «Nur Otan»партиясы ауыл ішіндегі және Бейнеу аудандық маңызы бар автомобиль жолдарын жөндеу мәселелерін шешеді. 2025 жылға қарай ауылішілік жолдар 29%-дан 43%-ға дейін жақсарып, Төлеп ауылына 4,2 шақырым кіреберіс, Ақжігіт ауылы көшелеріне 5 шақырым автомобиль жол салынады.
Жиын соңы сұрақ-жауапқа ұласты. Тұрғындар бірқатар мәселелер бойынша пікірлерін білдірді.
«Nur Otan» партиясының Маңғыстау облысы Бейнеу ауданының Сайлау қорының қаражатынан төленді.