Бұл туралы Маңғыстау облысы денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі хабарлады.
31 желтоқсан 2020 жылдың 01 қаңтар 2021 жылға қараған түнінде Маңғыстау облыстық жедел және шұғыл медициналық жәрдем станциясы кезекшісінің пультіне 580 шақырту келіп түскен, делінген хабарламада.
Олардың 237-сі Ақтау қаласынан. Емханаларға жолданған 4-ші категория бойынша шақыртулар саны -183-ті құраған. Аймақтың медицина мекемелерінің қабылдау бөлімдеріне 131 адам жеткізілген, олардың 45-не түрлі диагноз қойылып, ауруханаға жатқызылған.
Облыс аудандарының жедел жәрдем қызметінің кезекші пультіне 137 шақырту түскен. 50 адам қабылдау бөліміне жеткізілген, олардың 15-і емдеу мекемелеріне орналастырылған.
Ал жаңа жыл түні Маңғыстау облыстық ауруханасына 24 адам медициналық көмекке жүгінген. Олардың біреуі лор-бөлімшесіне жатқызылып, енді біреуі – жол-көлік оқиғасынан кейін келіп түскен, тиісті алғашқы медициналық көмек көрсетілген соң ол адам үйіне жіберілген. Осылайша, 23 адам амбулаторлық ем қабылдауға жолданған. Пиротехникадан жарақат алып, күйік шалған және өзге де себептермен жарақаттанғандар тіркелмеген.