Сайлауалды насихат науқаны аясында 30 желтоқсан күні Мұнайлы ауданында екі ауқымды кездесу ұйымдастырылды. Біріншісі – мүмкіндігі шектеулі жандармен, екіншісі – жастар, блогерлер, белсенді студенттермен өтті.
Жалпы «Nur Otan» партиясы «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» атты сайлауалды бағдарламасында ерекше қажеттіліктері бар адамдарды қолдауды басты міндеті деп қарастырып отыр. Бұл ретте пандустармен, бейімделген лифтермен, дәретханалармен, зағип жандарға арналған бағыттаушы белгілермен қамтамасыз ету жұмыстарыy жалғастырады.
«Кедергісіз келешек» партиялық жобасы аясында 22 мың әлеуметтік инфрақұрылым нысанына жоғарыда атап өткендей бейімдеу жұмысы жүргізіледі. Ерекше қажеттіліктері бар адамдар өзіне ыңғайлы жұмысты таңдай алуы үшін Мамандықтар атласы жасалып, жұмыспен қамту шаралары кеңейеді. 2025 жылға қарай мүгедектігімен жұмысқа орналасқан адамдар саны 30 %-ға өседі. Мүгедектігі бар балалар үшін кәмелеттік жасқа толғаннан кейін де тұрғын үй кезегі үзілмейді.
Дәл осы жұмыстармен облыстық және Мұнайлы аудандық мәслихат депутатына үміткерлер таныстырды. Кездесу онлайн форматта, ауданның ерекше қажеттіліктері бар жандарымен өткізілді. Облыстық мәслихат депутатына кандидат Берік Ахметов партия – әрбір қазақстандықтың өз әлеуетін іске асыруына теңдей мүмкіндік жасайтынын айтып, ауданда ерекше қажеттіліктері бар адамдар үшін кедергісіз ортаны құруға ерекше назар аударылатынын жеткізді.
- «Nur Otan» партиясы ауданда мүмкіндігі шектеулі жандар үшін 4 әлеуметтік және көліктік инфрақұрылым нысандарына 4 пандус орнатуға, 100 орынды психоневрологиялық ауытқулары бар балаларға арналған орталық ашуға, 2025 жылға дейін 4 инватакси көліктерімен қамтамасыз етуге ықпал етеді.
Бұл күнгі екінші кездесу жастар, белсенді студенттермен ұйымдастырылды. Аудандық мәслихатқа үміткерлер Абылай Ахмедов пен Руслан Конысов, сонымен қатар Мұнайлы аудандық сайлауалды штаб мүшесі Гүлжанат Қонысбаева ауданның сайлауалды бағдарламасында жастар үшін жасалатын жұмыстарды айтты. Мұнайлы ауданында 40 мыңнан астам жас өмір сүретіні жайында мәлімет келтірді.
«Nur Otan» партиясы және «Jas Otan» жастар қанаты жастарға жан-жақты қолдау көрсетуді күшейтеді. 2025 жылға қарай мемлекеттік органдармен бірлесіп, ауылдағы жастарды жұмыспен қамту, тарту және қамтамасыз ету, олардың шығармашылық өзін-өзі жүзеге асыруы және оның әлеуетін дамыту үшін жағдай жасайды. «Дипломмен ауылға» бағдарламасы аясында бес жыл ішінде 200 жас маманды ауданға тарту, жылда «Жасыл ел» бағдарламасымен жастарды жұмысқа орналастыру, бұқаралық спортты дамыту шараларын жүзеге асырады.
«Nur Otan» партиясы Маңғыстау облысы Мұнайлы ауданының Сайлау қоры қаражатынан төленді