Мұнайлы - Тұңғыш Президент Н.Ә.Назарбаевтың жарлығымен 2007 жылы құрылған аудан. Атажұртын аңсап келген қандас бауырларымыз негізін құрайтын елдімекенде 2019 жылғы санақ бойынша 161270 адам мекен етеді. Бүгінгі тыныс-тіршілігі құрылыстар мен небір жасампаз істердің ортасы.
Елбасы көрегендігімен негізі қаланған ауданның алдағы уақытта да дамып, өркендеп, тұрғындарының әл-ауқатын жақсарту мақсатында «Nur Otan» партиясы 5 жылдық бағдарлама жасақтады. Онда аудан дамуының 7 басым бағытын айқындап көрсетті.
Алдағы жылдарда ауданды жақсартуда өңдеу өнеркәсібіне, көлік пен логистикаға, агроөнеркәсіптік кешенін одан әрі дамытуға негізгі екпін түсірілетін болады. Бұл экономикалық жағдайды көтеріп, халықтың жұмыспен қамтылуына себеп болады. Жыл сайын 2 мыңнан астам тұрақты жұмыс орны құрылады. Жем-комбикорм зауыты, құс фабрикасы, мал сою пунктерін көбейту, ет, көкөніс өнімдерін консервілеу цехын іске қосу, жылыжай кешенін дамыту секілді жұмыстар атқарылады.
«Nur Otan» партиясы азаматтарымыздың өмір сүру сапасын жан-жақты арттыруды, әркімнің таза суға, ауаға және сапалы жолдарға қол жеткізуін қолдайды. Тұрғын үй-коммуналдық саланы жаңғыртуға, сондай-ақ қолайлы экологиялық жағдайды сақтауға бағытталған «Нұрлы жер», «Ауыл – Ел бесігі» жобаларын іске асыруға жәрдемдеседі. Осы бағытта Басқұдық, Маңғыстау, Қызылтөбе, Дәулет, Атамекен ауылдарындағы 135,4 шақырым құрайтын автокөлік және ауылішілік жол салынады. 2022 жылы су тұщыту зауыттары мен қондырғыларын жаңғырту, сумен жабдықтау желілерін салу іс-шаралары арқасында аудан толық сапалы ауыз сумен қамтылады.
Жоғарыда аталған жоспарлы жұмыстармен ауданның мәслихат депутатына кандидат Абылайхан Ахмедов «Есіктен-есікке» акциясы аясында таныстырды. Мұнайлы ауданы, Батыр ауылында үйлерді аралап, халықты құлақтандыру шарасын жүргізді. Кездесуде тұрғындар тарапынан тұрғын үймен қамтамасыз ету, жылу және ыстық су мәселесіне қатысты сұрақтар көтеріліп, тиісті жауаптар берілді. Тұрғындар қолдау білдіріп, сайлауда жоғары көрсеткіштерге жетсін деген тілектерін айтты. Ерікті жастар үгіт насихат үнпарақтарын таратты.
«Nur Otan» партиясының Маңғыстау облысы Мұнайлы ауданының Сайлау қоры қаражатынан төленді