Елімізде келесі жылдың 10 қаңтар күні Парламент Мәжілісі депутаттарының кезекті сайлауы өтетіні белгілі. Соған орай бүгінде насихат жұмыстары қарқынды жүргізілуде.
Облыстық штаб мүшелері «Маңғыстау облысының Кәсіподақ орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы Шадрах Ермекбайұлы және Кәсіподақ ұйымы мүшелерімен онлайн байланыcқа қосылды.
Маңғыстау облыстық мәслихат депутатына кандидат Нури Тумышев партияның сайлауалды бағдарламасына тоқталып, әр басым бағыт, соның ішінде әлеуметтік сала бойынша жасалатын жұмыстар жөнінде айтып өтті. Онлайн шараға қала мен аудандардан кандидаттар, сенімді өкілдері өз өңірлеріндегі өзекті болып отырған мәселелерді тілге тиек етіп, партияның мүдделі шараларымен таныстырды.
- «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасы биыл әр өңірге ыңғайланып дайындалды. Қазақстанның 216 аймағына дайындаған сайлауалды платформа бар. Кез келген азамат партияның 5 жылдық жұмыс жоспарымен таныса алады, - деді Н.Тумышев.
Ш.Ермекбайұлы 10 қаңтардағы сайлауда Кәсіподақ ұйымынан 216 мүше бақылаушы болатынын жеткізді. Олар сайлау процесі елдің заңнамасына сай өтуін және азаматтардың өз таңдауын жасау еркіндігі жұмыс берушілер тарапынан қандай да бір қысыммен бұзылмауын бақылайды.
«Nur Otan» партиясы Маңғыстау облысы Сайлау қорының қаражатынан төленді