"Nur Otan" партиясы аудандық мәслихат депутатына кандидат Көби Қарақұлов «Шархат» сауда орталығында сауда-саттық жасап жүрген халықпен кездесті. Тұтынушыларға партияның үнпарақтарын таратты. Ауданды дамытудың сайлауалды бағдарламасымен таныстырды. Қазақстанның әрбір азаматының дамыған, қолайлы жағдай жасалған мемлекетте өмір сүруіне партия ықпал ететіндігі жеткізілді. Барлық саланы ілгерілету басты мақсатқа қойылғанын атап өтіп, осы істерді жүзеге асыруға ел халқы себепші болатынын айтты.
Халық тарапынан жастарды тәрбиелеу, білім беру, денсаулық сақтау салаларына қатысты сұрақтар қойылды. Үміткер азаматтардың әл-ауқаты аймақтың тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамуының көрсеткіші екенін атап өтіп, партия білім беру, денсаулық сақтау және әлеуметтік салада сапалы қызмет көрсету арқылы халықтың өмір сүру жағдайын жақсартуға жұмыстанып жатқанын атап өтті. Шара соңында Көби Қарақұлов жұртшылықты «Nur Otan» партиясын қолдап дауыс беруге, жарқын болашаққа бірге қадам басуға шақырды.
«Nur Otan» партиясы Маңғыстау облысы Мұнайлы ауданының Сайлау қоры қаражатынан төленді