14 желтоқсан Ақтау қаласында орналасқан «Достық үйінде» кәсіпкерлермен кездесу өтті. "Nur Otan" партиясының өңірлік сайлауалды штаб мүшелері Юсуп Шахшаев пен Амангүл Жайлыханова, қалалық мәслихат депутатына үміткер Шамсадин Гусейнов шараға қатысып, партияның жеткен жетістігі мен алдағы жетістікке жетелейтін жобалары жайында толық айтып өтті. Пандемияға орай карантин уақытында кәсіпкерлерге қиындық туғанын жеткізіп, десе де мемлекеттен кәсіпкерлік саласына қолдау болғанын жеткізді. Кәсіпкерлерді мазалайтын сұрақтары, ұсыныстары тыңдалды.
Балық өңдеу кәсібімен айналысатын Мұнайлы ауданының кәсіпкері кәмпескеленген балық сату ісі бойынша сауалын жолдаса, тағы екі кәсіпкер мемлекеттік сатып алу және тамақ бағасының қымбаттауын тоқтатуды, партия өкілдері араласуын сұрады. Аталған мәселелер бойынша шешімді жұмыстар атқарылатын болды.
Жалпы әлемдік пандемияға байланысты "Nur Otan" партиясы уақыт талабына сай үгіт-насихат жұмыстарын онлайн платформаларда, эпидемиологиялық-санитарлық талаптарға сай ұйымдастырып отыр. Бұл жұмыс жүргізу әдістері өз ретінде сайлаушылармен жанды байланысып, жұмысты күшейтуге мүмкіндік береді.
«Nur Otan» партиясы Маңғыстау облысының Сайлау қорының қаражатынан төленді