Құрметті ұстаздар! Білім саласының қызметкерлері!
Сіздерді кәсіби мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймын!
Бауыржан Момышұлы "Ұстаздық — ұлық емес, ұлы қызмет. Болашақтың басшысын да, данасын да, ғалымын да, еңбекқор егіншісін де, кеншісін де ұстаз өсіреді.." деп, аса құрметті мамандыққа теңеп еді. Сіздер болашақ азаматтарды ғана емес, бүкіл болашақ қоғамды қалыптастыруда тер төгесіздер. Сондықтан өмірге ұрпақ берген аналарды қандай ардақтасақ, сол ұрпақты тәрбиелейтін мұғалімдерді де сондай ардақтауға тиістіміз.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың қолдауымен білім саласына ерекше көңіл бөлініп келеді. Педагогардың материалдық жағдайын жақсарту, мектептерді жаһан талабына сай жасақтауға куә болудамыз. Бұл мұғалімдердің әлеуметтік мәртебесін арттыруға, білім сапасын жақсартуға ықпал ететінін сөзсіз.
Биыл пандемия кезінде қашықтықтан оқыту үрдісі жалғасып, оқушыларға да мұғалімдерге де оңай болмай жатқаны анық. Бұл індетті жеңіп шығып, алдағы уақытта мектепте ұстаз бен оқушының сағыныса көрісетініне сенімдімін.
Қымбатты ұстаздар!
Жас ұрпақты тәрбиелеу жолында қажырлы, өлшеусіз еңбектеріңіз әркез жемісті бола берсін! Шығармашылық игі бастамаларыңызға, педагогикалық ізденістеріңізге жаңа серпін, толағай табыстар тілеймін!
Ізгі тілекпен, Ақтау қаласының әкімі Н. Қилыбай