30-дан астам танк экипаждары Ақтау гарнизонындағы «Оймаша» полигонында Т-72 танктерінің қару-жарағынан штаттық атыс жүргізді. Ақтау гарнизоны баспасөз қызметі хабарлады.
Сабақтардың негізгі мақсаты - экипаждың шеберлігі мен кәсібилігін арттыру, бұл кезде тапсырманың нәтижесі экипаждың әрбір мүшесіне байланысты болады. Экипаждар бақылау оқ атудың бірінші жаттығуын орындады. Оның барысында 1600 метр қашықтықтан шартты танктер бойынша 900 метрге дейінгі қашықтықтан автомобильде қол танкіге қарсы гранатаатқыш пен серпілмейтін зеңбірек және 700 метрден қол танкіге қарсы гранатаатқышпен оқ атуды жүргізді.
Бұл жаттығулар белгіленген уақытқа сәйкес қатаң түрде орындалды. Сонымен қатар, танкішілер бірнеше оқу жаттығу орындарын әзірледі.
«Ату нәтижелері бойынша танкішілер жақсы нәтижелер көрсетті. Олар өз саласында құнды тәжірибе жинады, айта кетейік жаттығу, санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды қатаң сақтай отырып жүргізілді» - деп атап өтті бригада командирінің жауынгерлік дайындық жөніндегі орынбасары, гвардия майоры Асылхан Мукушов.
Оқ атулардың қорытындысы бойынша 1-ші танкті ротасының командирі аға лейтенант Бексұлтан Алдабергеннің экипаждары - аға лейтенант Жамбыл Космагамбетов мен аға сержант Дидар Талапов үздік нәтижелер көрсетті. Олардың экипаждары барлық тиісті нормативтерді сапалы әрі жылдам орындап, барлық межелерге дөп тигізді.