МО Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаментінің Antikor орталығында тікелей эфир өтті. Азаматтарға құқықтық кеңес беру мақсатында жүргізілетін «Адал көмек» жобасының шеңберінде өткен эфирге облыстық Білім басқармасы басшысының орынбасары Н.Қойжанов қатысты. Бұл туралы МО Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.
Эфирде өңірдегі оқушыларға қашықтан білім алу мақсатында 30 мыңға жуық компьютер таратылатыны айтылды. «Барлығы республикалық бюджеттен 22 500, өңірлік бюджеттен 7000 компьютер облыстағы аз қамтылған отбасылардағы оқушыларға беріледі,» - деді Н.Көбейсінұлы.
Сондай-ақ, бір үйден бірнеше оқушы қашықтан білім алса, 2 немесе 3 компьютер беру жоспарланған екен. Алайда бұл, балалардың сабақ уақыты қатар келу сынды кедергілер туындағанда беріледі.
Айта кетейік, бюджет есебінен компьютерлік техникаларды сатып алу, жеткізу қызметтері таңдалған. 10 қыркүйекте техникалардың кейбір бөлігі келді, ал 15 қыркүйекке дейін барлық техника өңірге жеткізілуі тиіс. Сондай-ақ, ашықтық пен әділдікті қамтамасыз ету мақсатында техниканы қабылдау және бөлу кезеңдерінде МО Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаменті мамандары, «Маңғыстау – адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің мүшелері қоғамдық бақылау жұмыстарын жүргізетін болады.