Сіздерді халқымыз үшін айтулы мереке – Конституция күнімен шын жүректен құттықтаймын! Биыл Тəуелсіз қазақ елінде Ата заңымыздың қабылданғанына 25 жыл толды. Бұл дамушы Қазақстан сияқты жас мемлекет үшін аз уақыт емес. Дегенмен тұғыры биік, іргесі берік қалаған қазақ қоғамы үшін бұл атаулы мерекенің орны ерекше.
Конституция біз үшін тәуелсіз мемлекеттің символына, Қазақстанның әлемдік аренадағы жетістіктерінің іргетасына, барлық қазақстандықтардың тең құқықтары мен бостандықтарының кепіліне айналған ең басты құжат. Ата заңымыз 25 жыл уақытта қоғамның дамуына кепіл болып келеді. Конституцияны қорғау және құрметтеу – қоғамның әр мүшесінің азаматтық парызы. Ата заңда жазылған әрбір баптың салмағы мен бабалар қанымен жазып кеткен ар намыс кодексін сақтау жəне ұлықтау əрбір ел тұрғынының қасиетті парызы болмақ. Тəуелсіз Қазақстан жұртының жұдырықтай жұмылып бір шаңырақ астында татулық пен келісім, ұлтаралық және дінаралық бірлікте ғажап ғұмыр кешуіміз баршаға ортақ сенімді қағида.
Қазіргі күрделі кезеңді өткеріп, еліміздің дамуына бірге қызмет етейік! Ата заңымыздың айбыны асқақтап, ұлт пен мемлекет мəртебесінің мерейі арта берсін. Мереке құтты болсын!
Құрметпен "Маңғыстау Медиа" ЖШС директоры Айсұлу Дутбаева