Бүгін Маңғыстау облысының әкімі Серікбай Трұмов Қазақстан Республикасы Конституциясының 25 жылдық мерекесіне орай, қажырлы еңбегімен еленген бірқатар медицина саласының мамандарын ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың атынан мемлекеттік наградалармен марапаттады. Бұл туралы Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.
«Парасат» орденімен «Маңғыстау облыстық жұқтырылған иммун тапшылығы синдромының алдын алу және оған қарсы күрес орталығы» директорының орынбасары Алмабек Бисен, «Құрмет» орденімен «Мұнайлы орталық аудандық ауруханасы» директорының орынбасары Зияда Бәйімбетова, «№2 Ақтау қалалық емханасы» директорының орынбасары Айжан Нұрллина, «Маңғыстау орталық аудандық ауруханасы» директоры Жанар Нұрлыбаева марапатталды.
«Ерен еңбегі үшін» медалімен «Қарақия орталық аудандық ауруханасы» директорының орынбасары Гүлшара Бекнияз, «Облыстық перинаталдық орталық» директоры Жапырақ Епенова, «СофиМедГрупп» Жауапкершілік Шектеулі Серіктестігінің емдеу жұмысы бойынша директоры Аймет Мұхаметов, «Түпқараған орталық аудандық ауруханасы» директоры Гүлшат Шалабаева марапатталды.
«Шапағат» медалімен «Маңғыстау облыстық ауруханасы» дәрігері Бақытжан Қойбеков, «Жаңаөзен көпбейінді қалалық ауруханасы» дәрігері Аманбай Орынәлиев, «Бейнеу орталық аудандық ауруханасы» директорының орынбасары Әсия Шонтыбаева,
Қазақстан Республикасының Құрмет грамотасымен «Маңғыстау облыстық ауруханасы» медбикесі Зияда Бекжанова, Маңғыстау облысы тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті директорының орынбасары Гульнар Куркинбаева, «Облыстық психикалық денсаулық сақтау орталығы» директоры Жеміс Нүсіпова, Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің «Ұлттық сараптама орталығы» филиалының директоры Райхан Рсымбетова марапатталды. Шара барысында өңір басшысы С.Трұмов: «Біз күрделі кезеңді бастан өткерудеміз. Бұл уақыт жаңа талаптар мен жаңа мүмкіндіктерді қажет етеді. Сондықтан бүгінгі күні қоғам болып ұйысудың да маңызы өте зор. Бүгінгі күні атқарылған жұмыстар аз емес, дегенмен алда әлі талай жұмыстар күтіп тұр. Осы бағытта Сіздерді абырой биіктерінен көре берейік! Сіздерге зор денсаулық, ұзақ өмір, отбасыларыңызға бақ-береке тілеймін!»,- деді.
Сондай ақ, дәл осы айтулы мерекеге орай, Ата заңымыздың ұлықтығын қамтамасыз етуге, елдің тәуелсіздігін, Қазақстан қоғамындағы келісім мен тұрақтылықты нығайтуға, азаматтардың конституциялық құқықтарын қорғауға қосқан елеулі үлесі үшін бірқатар мәслихат депутаттары ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың атынан «Қазақстан Конституциясына 25 жыл» мерекелік медалімен марапатталды.
Олар: Табылды Амиров, Қуанышбек Әбдірахман, Раббим Борашов, Нәжімеден Ғұбашов, Жаңбырбай Дәрменов, Қалым Дербісов, Мереке Дүйсенбаев, Сәуле Жақаева, Аткосщы Кетебаев, Дмитрий Клинчев, Дина Күлмеханова , Оспан Қазақбаев, Абай Қуанов, Шаттық Құлшықов, Абзал Меңдібаев, Самат Мұсабаев, Аббат Өрісбаев, Ахмет Салманов, Нұрпейіс Сәрсенбай, Досай Таңатаров, Әділбек Дауылбаев, Замирия Сахимова.
Сондай ақ, «Қазақстан мәслихаттары депутаттарының бірлестігі» Республикалық қоғамдық бірлестігінің шешімімен «Қазақстан мәслихаттарының құрметті депутаты» атағы Табылды Амировқа берілді.