Бұл туралы МО қоғамдық коммуникация орталығында өткен брифингте облыстық білім басқармасының басшысы Асқар Сейдалиев хабарлады.
Оның айтуынша, жаңа оқу жылында 1 сынып оқушыларына мектепке келіп білім алуға жағдай жасалады. Сондай-ақ, Аққұдық ауылының оқушылары да дәстүрлі форматта оқиды. Ал, бұған дейін дәстүрлі форматта білім алады деген Бекі ауылының оқушылары енді қашықтан оқиды. Себебі, Бекі ауылы 100 пайыз интернетке қосылды.
Ата-аналардың өтініші бойынша кезекші сыныптардың қызметі санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды қатаң сақтай отыра жүзеге асырылады. Ең бастысы ата-аналар балаларын қауіпсіздік құралдарымен қамтамасыз ету қажет. Олар маска, қолғап, қолды өңдеуге арналған жеке құтыдағы антисептик немесе бактерияға қарсы дымқыл майлықтар. Ата-аналар балаларын мектепке әкеліп әкетеді. Кабинеттік жүйе болмайды, «бір сынып – бір кабинет» бойынша оқытылады. Асхана жұмыс істемейді», деді А.Сейдалиев.
Кезекші сыныптар үшін арнайы ереже бекітілген.
Сыныптың толымдылығы кезек бойынша 15 оқушыны қамтиды. Әр сабақтың ұзақтығы 40 минут болмақ. Ең басты талап маска кию режимін қатаң сақтау қажет. Сондай-ақ оқу үстелдерін 1 метр қашықтықта орналастыру мен білім алушыларға жеке парта және орындық бекітілді. Сабақтан соң кабинеттерді желдету, кварцтау жүргізіледі. Кезекші сыныпқа бір мұғалім бекітіледі және сабақты мектеп әкімшілігі бекіткен бастауыш сынып мұғалімі жүргізеді», деді ол.
Сондай-ақ, білім басқармасының басшысы Асқар Сейдалиев мектептер мен оқушыларды компьютермен қамтамасыз ету жайын сөз етті.
«Ақтау және Жаңаөзен қаласының мектептеріне бөлінген қаржыға 1 402 дана компьютер сатып алу жұмысы жүргізілуде. Қазіргі уақытта 145 данасы алынды. Қазіргі кезде 635 данасы сатып алынды. Сондай-ақ аз қамтылған отбасылардың оқушыларына республикалық бюджеттен 22 541 дана жабдық сатып алуға 3 490 986 980 тг қаржы бөлінді. Сонымен қатар келісім-шарт негізінде «Шлюмберже» компаниясы 24 ноутбук алып берді. Жалпы сатып алынған, демеушілер ұсынған және мектеп балансындағы компьютерлердің 4 850 данасы мұқтаж оқушыларға таратылып берілді», деді Асқар Сейдалиев.