Қарақия аудандық сотында Д-ға қатысты қылмыстық іс қаралды.
Сотта анықталғандай, Д. 6 наурызда Маңғыстау аудандық сотының қаулысына сәйкес көлік құралын басқару құқығынан айырылғанына қарамастан, өзіне тиесілі «Volkswagen Golf-5» маркалы автокөлігін масаң күйде басқарып жүрген кезде полиция қызметкерлеріне ұсталған, делінген Қарақия аудандық сотының баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.
Қарақия аудандық сотының үкімімен Д. ҚР ҚК-нің 346-бабының 1-бөлігімен (көлік құралдарын басқару құқығынан айырылған, есірткілік масаң күйдегі адамның көлік құралын басқаруы) кінәлі деп танылып, ол өмір бойына көлік құралын жүргізу құқығынан айырылып, оған 6 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.
Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.