Ақтау қалалық Бекет ата мешітінде кезекті қайырымдылық шарасы ұйымдастырылып, мұқтаж отбасыларға азық-түлік таратылды. Бас имам Қайрат Маманбаев пандемия кезінде денсаулығы нашар, әлеуметтік жағдайы төмен жандарға қол ұшын берудің маңыздылығын айтты, деп хабарлайды меттің баспасөз қызметі.
- Асыл дініміз қайырымдылық пен жанашырлыққа зор мән береді. Парасатты пайғамбарлар мұқтаждарға аса мейірімді болған. Мешіт тізімінде тұрған отбасылар мен зағип жандарға азық-түліктей көмек беруді барынша ұйымдастырылуда, дейді Ақтау қалалық Бекет Ата мешітінің бас имамы Қайрат Маманбаев.
Мешіт қызметкерлері 30 мұқтаж әрі зағип жандардың отбасына ұн, ет, тәттілер, күріш, шәй, секер, баклажан салынған азық-түлік қалталарын таратты. Сондай-ақ, кәсіпкерлердің демеушілігімен, "Асланбек" шұжықтары мен ет консервілері берілді. Ақтау мешіті тұрмысы төмен отбасыларға көмек беруді - қызметтің бір бағыты еткен. Әсіресе, әлемді дүрліктіріп, елді сынаққа салған індеттің өршіген кезінде мұқтаждарға қол ұшын берген жөн.