Бұл туралы Ақтау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Еліміз үшін осынау күрделі уақытта “Nur Otan” партиясы барша ақжүрек азаматтар мен жастарды біріктіре отырып, халықтың қамын ойлайтын саяси күш екендігін көрсете білді. Игі істі жүзеге асыруда қаламыздағы ерікті жастар да тыс қалмады. Карантин кезінде ұйымшылдық танытып, бетперде тігу жұмыстары мен оларды мұқтаж мұқтаж отбасылар мен дәріханаларға тегін тарату ісін ұйымдастырып, тұрғындар арасында түсіндірме жұмыстарына белсенді атсалысты. Көмектерін аямаған еріктілер еңбектері елеусіз қалмай, бүгін Ақтау қаласының әкімі Ғ.Ниязов бірқатар жастарға Елбасының Алғыс хатын табыстады.
“Елбасына күн туғанда сіздер өздеріңіздің елжанды азамат ретінде таныта отырып, барлық өңір жастарына үлгі көрсеттіңіздер. Қоғам игілігі үшін атқарып жатқан әрбір қызметіңізге алғыс айта отырып, алдағы жұмыстарыңызға сәттілік тілеймін”, деді қала басшысы.