Биыл 12 ақпанда ҚР Президенті «Әскери қызметтің белгіленген мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын мерзімді әскери қызметке кезекті шақыру туралы» жыл сайынғы Жарлыққа қол қойды.
2020 жылы көктемінде Маңғыстау облысының ҚІжД – не 600 астам әскерге шақырылушыларды әскерге шақыру жоспарланды.
Шақырудың негізгі тапсырмасы әскерлерді денесі сау және моральды даярланған жастармен жасақтау болып табылады.
Осыған байланысты шақыруды жүргізу үшін жергілікті атқарушы органдар әскерге шақыру және медициналық комиссияларды құрайды, оның төрағасы Маңғыстау облысы әкімнің орынбасары, ал медициналық комиссияның төрағасы денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары болып табылады, сонымен қатар әскерге шақыру комиссия құрамына ішкі істер, ұлттық қауіпсіздік, қоғамдық ұйымдар өкілдері, Қарулы Күштер, жергілікті соғыс ардагерлері және дін жүйесінің өкілдері кіреді.
Әр әскер түрлерінде белгілі бір талаптар бар, сол талаптар бойынша әскерге шақырылушы қандай әскери бөлімдерде қызмет өткеретіні белгіленеді. Көрсетілген комиссияның қабылданған шешімінің негізінде біздің жастар әскерге жолданады.
Осы уақытта ҰҚК Шекара қызметін жас сарбаздармен толықтыруы аяқталды және маусым айында аяқталатын Ұлттық ұланды жасақтау жоспарлы түрде жүргізілуде кейін Қорғаныс министрлігінің әскери бөлімдері жасақталуы басталады.
Осы шақырудың ерекшеліктерінің бірі жүргізу мерзімдері болып табылады. Осымен 2020 жылғы 30 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Президентінің № 312 Жарлығымен азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыруды жүргізу мерзімдері маусым айынан тамыз айына дейін ұзартылды, өйткені еліміздегі енгізілген төтенше жағдайдың әрекеті кезеңінде әскерге шақыру және медициналық комиссиялардың жұмыстары тоқтатылды.
Бұл ретте әскерге шақырылушалыр және Қарулы Күштерін жасақтауға тартылған лауазымды тұлғалар арасында коронавирустық инфекцияны енгізулін және таралуын ескерту, алдын алу шараларын күшейту мақсатында жиын (әскерге шақыру) пункттердің кіреберіс жерлерінде медициналық посттар (фильтрлар) орналастырылды. Жас буынды салтанатты шағарып салулар тоқтатылды. Облыстық медициналық комиссиялар құрамдарына дәрігер-инфекционисттер енгізілді.
Әскерге шақырылғаннан және әскери бөлімдерге келгеннен кейін оларды екі апталық карантинге оқшаулай отырып жас буынға ПТР-зерттеу әдісімен COVID-19-ға зертханалық зерттеу жүргізіледі. Карантин кезінде жас буынға медициналық тексеру және әлеуметтік-психологиялық зерделеу, сондай-ақ бастапқы әскери дайындық жүргізіледі.
Әскерде берік достастық, бауырластық танылады, әскери қызметшілер тобпен жұмыс жасағанды, оқу-жаттығулардағы қиын-қыстау жағдайларда тапсырмаларды орындауға, тез ойлануға және шешім қабылдауға үйренеді, олар әскери қару-жарақты қолдануда, күрделі әскери техниканы пайдалуда техникалық дағдыларға ие болады.
Бұдан басқа негізгі дағдылардың арасында әскер жас адамадарды тәртіпке, жауапкершілікке, өздігіне үйретеді және дене күшіне және шыдамдылыққа ие болады.
Бұл ретте орта-техникалық немесе жоғары білім бар әскери қызметшілер мерзімді әскери қызметтің 6 айын өткергеннен кейін келісімшарт бойынша әскери қызметке түсуге құқықтары бар. Атап айтқанда егер әскерге шақырылушы өзінің өмірін әскери қызметпен байланыстыруды жоспарласа, онда ол келісімшарт бойынша қызметке жарты жылдан кейін-ақ кіре алады!
Сондай-ақ Қорғаныс министрлігінің басшылығы әскери қызметтің қауіпсіздігіне үлкен назар аударылады. Ұдайы негізде Әскери прокуратурамен, сондай-ақ әскери полиция органдарымен бірлесе отырып әскери ұжымда салауатты ортаны орнату үшін жүйелі жұмыс жүргізіледі.
Әскери бөлімнің әр бөлмесінде бейне бақылау жүргізіледі. Әр әскери бөлімде гарнизон прокурорының және Әскери полиция жасағы бастығының сенім жәщіктері орналасқан, хат-хабарлар проблемалық мәселелер бойынша тездедіп шешімдер қабылдау үшін мекенжайларға түседі.
Казарманың әр жайғасу орындарында, штабта, асханада, БӨП, клубта барлық деңгейдегі басшылық құрамның, соның ішінде қызметтік телефоннан қоңырау шалу үшін қол жетімді сенім телефондары туралы ақпарат орналастырылған. Әскери қызметшілердің қызметтік әрекеттегі проблемалар туралы әр уақытта оларға қоңырау шалуға немесе СМС-хабарлама жолдауға мүмкіндіктері бар. Әр келіп түскен сигнал бойынша проблемалық мәселелерді тексеру және жою бойынша, сондай-ақ осындай оқиғаларды алдағы уақытта болдырмау үшін алдын алу бойынша қажетті жұмыс жүргізіледі.
Сондай-ақ шақыру кезінде азаматтар әскери қызметке шақыруды кейінге қалдыруға және босатуға құқықтары бар.
Мерзімін кейінге қалдыру келесі негіздер бойынша беріледі:
1) отбасы жағдайы бойынша;
2) білімін жалғастыру үшін;
3) денсаулық жағдайы бойынша;
4) басқа себептер бойынша, мысалы:
1) оқытушыларға жұмысының барлық кезеңіне;
2) аулды жерлердегі дәрігерлерге;
3) олардың құзірет мерзімдеріне Парламент немесе жергілікті уәкілетті органдардың депутаттарына;
4) тергеу астындағы тұлғаларға;
5) азаматтық әуе кемелерінің ұшу экипаждарының мүшелері, азаматтық авиация инженерлеріне, механиктеріне және техниктеріне;
6) кеме экипаждарының мүшелеріне;
7) құқыққорғау органдарының білім беру ұйымдарында алғашқы кәсіби дайындықтан өтіп жүрген тұлғаларға.
Әскерге шақыру немесе мерзімді кейінге қалдыру бөлігінде барлық сұрақтар бойынша кеңес жүргізу үшін Қорғаныс министрлігінде «жедел желі» жұмыс жасайды, онда жауапты лауазымды тұлғалар азаматтарды толғандыратын барлық сұрақтарды түсіндіреді және түсініктеме береді.
Кеңесті Қорғаныс министрлігінің сайтындағы телефондар арқылы алса болады.
М.Тастанов
Маңғыстау облысының Қорғаныс істері жөніндегі
департаменті бастығы, полковник