Маңғыстау облысында коронавирус инфекциясын жұқтырған 7 адам тіркелді. Оның 3 - әйел адам, 4 - ер адам. Ақтау қаласында - 4, Жаңаөзен қаласында - 1, Бейнеу ауданында - 2, деп хабарлайды МО ҚКО.
Науқастың үшеуі бұрын індетті жұқтырған адамдармен байланыста болған. Тағы үшеуінен вирус дәрігерге қаралған кезде анықталды. Ал бір науқастан вирус скрининг кезінде анықталды.
Қазіргі таңда бекітілген хаттамаға сәйкес тиісті ем жүргізілуде. Науқастармен қарым-қатынаста болған адамдар анықталып, барлығы медициналық бақылауға алынды. Ауру ошақтарында дезинфекциялық жұмыстар жүргізілуде.
14.06.2020 ж. жағдай бойынша өңірде барлығы 378 адамнан COVID-19 вирусы анықталды.
Ақтауда – 103
Жаңаөзенде – 35
Маңғыстау ауданында – 15
Мұнайлы ауданында – 22
Қарақия ауданы – 47
Бейнеу ауданында - 149
Түпқараған ауданында - 7
Жазылып шыққаны – 243
Қайтыс болған – 2