Ақтау қаласы тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасы қоғамдық көліктердің иелеріне неліктен айыппұл салуға тура келгенін түсіндірді.
Бірнеше сағат бұрын Ақтау тұрғындарын қоғамдық көліктің қозғалысын тоқтату туралы жаңалық таңқалдырған болатын. Мұны тасымалдаушылар қоғамдық көліктегі талаптарды сақтау үшін жасауға мәжбүр болғанын айтты.
"Талаптарды сақтау керек, әйтпесе біз инфекцияның таралуын тоқтата алмаймыз. Жолаушылар тасымалын шешу мәселесі атқарушы органдарға қойылатын мәселе. Біздің мақсатымыз инфекцияның таралуын шектеу, оған ықпал ететін шараларды белгілеу", деп түсіндірді Ақтау қаласы тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасының басшысы Әсима Жарылғасова.