Бүгін Маңғыстау облысының әкімі Серікбай Трұмов жұмыс сапарымен Жаңаөзен қаласында болды. «Жұмыспен қамту жол картасы» бағдарламасы аясында іске асырылып жатқан инфрақұрылымдық жобалардың сапасын бақылап қаланың абаттандыру жұмыстарымен танысты.
Қаладағы Ә.Тұяқов атындағы орталық стадион 2008 жылы пайдалануға берілген. Содан бері күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілмеген. Биыл аталған спорт кешеніне «Жұмыспен қамту жол картасы» бағдарламасы аясында 200 млн теңге қаражат қарастырылып, стадиондағы 3000 орындық жаңаланып, халықаралық стандартқа сай төсеніш төселеді. Кешеннің 1250 метр аумағы тастан қашалған қоршаумен қоршалады, айналасына 57 қуатты жарықшамдар орнатылып, жарық диодты шамдармен жарықтандырылады және периметрі бойынша 3900 шаршы метр жүгіру жолы салынады. Орталық стадиондағы жөндеу жұмыстары аяқталғаннан кейін обыстық «Каспий» футбол клубының резервтік алаңы болмақ. Онда халықаралық дәрежеде футбол ойыны өткізіледі деп жоспарлануда. Бүгінде құрылыс алаңында «Жұмыспен қамту жол картасы» бағдарлама бойынша 50 адам жұмыс жасауда. Аяқталу мерзімі ағымдағы жылдың қазан айы. Аймақ басшысы жауапты мамандарға спорт алаңының сапалы орындалуын тапсырды.
Сондай –ақ, С.Трұмов Жаңаөзен қаласының орталық саябағын абаттандыру мен «Жұмыспен қамту жол картасы 2020» бағдарламасы аясында қалаішілік автокөлік жолдарының орташа жөндеу жұмыстарының жоспарымен танысты. Бүгінде орталық саябақта су бұрқағын жөндеу және кіші архитектуралық формаларды орнату жұмыстары жүргізілуде. Ал, қалаішілік 492 шақырым жол жөнделіп, автокөлік тас жолын салу жұмыстары жүргізіледі.
Сонымен қатар, өңір басшысы Жаңаөзен білім инновация лицей интернатында болып, құрылыс жұмыстармен танысты. Білім ордасы 220 оқушыға арналған және 110 орындық жатақханасы бар. Нысан ағымдағы жылдың тамыз айында тапсырылады.
Бұдан бөлек, аймақ басшысына бұрынғы туберкулез ауруханасының орнына жедел жәрдем бөлімі ғимаратын салу бойынша баяндама жасалды. Қайта құрылымдау жобасы «Жұмыспен қамту жол картасы» бағдарламасы аясында қайта қаржыландыруға ұсынылған. Жоба жүзеге асатын болса, Жаңаөзен қаласынан бөлек, Қарақия ауданына қарасты Бостан, Сенек, Құланды ауыл тұрғындарының сұранысы толықтай орындалып, медициналық көмек ала алады.
Осыдан кейін, С. Трұмов Жаңаөзен қаласының тұрғындарын ауыз сумен қамтамасыз етіп, кәріз қызметі және қаланың абаттандыру жұмыстарымен айналысатын «ӨзенИнвест» мемлекеттік комуналдық кәсіпорнына барды. Мекеме мемлекеттік автомобиль жолдарын күтіп ұстау, спорттық-сауықтыру объектілерін, мәдениет және демалыс саябақтарын күтіп ұстау, мемлекеттік меншіктегі су шаруашылығы жүйелері мен құрылыс жайларын күтіп-ұстау, пайдалану, жөндеу және реконструкциялау, сондай-ақ олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету қызметін атқарады. Бүгінде мекемеде барлығы 641 адам жұмыс істеуде. Олардың 350-і«Жұмыспен қамту жол картасы» бағдарламасы бойынша қабылданған. Мекеме қаланы кешенді дамыту жоспары негізінде 542 млн. теңгеге абаттандыруға қажетті 39 техникалар мен құрал жабдықтар алуға тапсырыс берген. Бүгінде шұңқыр қазатын, жол жиектерін сызатып, бульдозер сынды 8 техника алынған.
«Жаңаөзен қаласында «Жұмыспен қамту жол картасы» бағдарламасы бойынша 39 жоба іске асып жатыр. Ол 3 млрд қаражат. Оған жол құрылысы, әлеуметтік нысандардың жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Бүгінгі аралаған нысандардың барлығына қаражаттары бөлініп, құжаттар рәсімделуі аяқталған. Ендігі біздің мақсат осы жұмыстарды сапалы аяқтап, тұрғындарды жұмысқа тарту. Бұдан бөлек, Жаңаөзен қаласында үкіметпен қабылданған элеуметтік экономикалық жағдайды дамытуға арналған кешенді жоспар бар. Осыған сәйкес қалада әлеуметтік обьектілер іске асып жатыр. Жаңаөзен қаласында жұмыссыздық мәселесі басты назарда. Мәселенің оң шешімін табу үшін бірқатар жобалар іске асырылып жатыр. Біз тұрғындарды жұмыспен қамту үшін Жұмыспен қамту жол картасы» бағдарламасымен және шағын және орта бизнесті қолдауға арналған жеңіл несиелер беру арқылы жаңа жұмыс орнын құрамыз. Егер жастар Ақтау қаласында жұмыс жасаймын десе жатақханамен қамтамасыз етіп, өндірістік мекемелерге тартуға болады», деді С.Трұмов.