Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі төтенше жағдай кезінде азаматтардың екінші деңгейдегі банктерде жиналуын азайту үшін, шоттар мен банк карталарын ашу үшін банктік қызмет көрсетудің дистанциялық арналарын пайдалануға шақырады.
Шот ашу үшін және банк картасын алу үшін бөлімшелерге барудың қажеті жоқ. Мұны қашықтан, ең бастысы тез және тегін жасауға болады. Ол үшін белгілі бір банктің клиенті болу қажет емес. Шын мәнінде, Сіз қашықтан тіркелген кезде және карточкалық шотты ашу кезде Банктің клиенті боласыз.
Мемлекет Басшысының тапсырмаларын орындау аясында он төрт қаржы институты Сізге бұл қызметті қашықтықтан ұсынуға дайын, олар: «Kaspi Bank» АҚ, «Қазақстан Халық Банкі» АҚ, «Jysan Bank» АҚ, «Еуразиялық Банк» АҚ, «Altyn Bank» АҚ, «Банк Хоум Кредит» АҚ ЕБ, «Ресей Жинақ Банкі» АҚ, «Forte Bank» АҚ, «АТФБанк» АҚ, «Банк Центркредит» АҚ, «Альфа-Банк» АҚ, «Bank RBK» АҚ, «Нұр Банк» АҚ, және «Қазпошта» АҚ. Бұдан әрі, Сіз тіркелу рәсімін жеңілдету үшін Банктер әзірлеген нақты алгоритмдерді таба аласыз. Аталған банктерде шотты қалай ашуға болатынын сілтемеден өтіп біле аласыз.
Қарызды кейінге қалдыру мәселелері бойынша Сіз Банк белгілеген байланыс арналары бойынша жүгінуге құқылысыз.