Облыстық денсаулық сақтау басқармасы өкілдерінің хабарлауынша, кеше өңірде тағы бір адам коронавирус инфекциясынан жазылып шықты.
1983 жылы туған әйел адам, Шетпе ауылының тұрғыны. Ақтаудағы облыстық ауруханасының жұқпалы аурулар бөлімінде ем қабылдаған.
Енді ол 14 күн бойы үй карантинінде дәрігерлердің бақылауында болады.
Бүгінде өңірде жалпы 17 адам COVID-19 инфекциясынан емделіп шықты.