Маңғыстау облысында коронавирус инфекциясын жұқтырған тағы 1 адам тіркелді. Науқас - 1966 жылғы әйел адам, Қарақия ауданы Сенек ауылының тұрғыны. Науқас коронавирус инфекциясын жұқтырған адаммен қарым-қатынаста болғандықтан, одан сынама алынды. ПТР диагностикалық зерттеу қорытындысымен COVID-19 диагнозы нақтыланды, делінген МО ҚКО таратқан ақпаратта.
Қазіргі таңда науқастың жағдайы қанағаттанарлық. Бекітілген хаттамаға сәйкес тиісті ем жүргізілуде. Науқаспен қарым-қатынаста болған адамдар анықталып, барлығы медициналық бақылауға алынуда. Ауру ошағында дезинфекциялық жұмыстар жүргізілуде.
11.05.2020 ж. жағдай бойынша өңірде барлығы 129 адамнан COVID-19 вирусы анықталды:
Ақтауда – 28;
Жаңаөзенде – 23;
Маңғыстау ауданында – 7;
Мұнайлы ауданында – 4;
Қарақия ауданы – 30;
Бейнеу ауданы – 37;
Жазылып шыққаны – 16;
Қайтыс болған – 1.