Маңғыстау облысында бүгін COVID-19 жұқтырған тағы 10 адам тіркелді. Оның 8-і "ТеңізШевройл" мекемесінде жұмыс істейтін, Бейнеу ауданының тұрғындары. Барлығы да ер адам. Бұл туралы Маңғыстау облысының қоғамдық коммуникация орталығы хабарлады.
Бірінші науқас - 1987 жылы туған;
Екінші науқас - 1968 жылы туған;
Үшінші науқас - 1996 жылы туған;
Төртінші науқас - 1973 жылы туған;
Бесінші науқас - 1998 жылы туған;
Алтыншы науқас - 1998 жылы туған;
Жетінші науқас - 1996 жылы туған;
Сегізінші науқас - 1990 жылы туған
"ТеңізШевройл" мекемесінен келген жұмысшылардың барлығы бірден карантинге жатқызылып, олардан сынама алынды. Соңғы сегіз науқастан алынған сынама ПТР диагностикалық зерттеу нәтижелері бойынша COVID-19 диагнозы нақтыланды. Қазір олар Бейнеу аудандық ауруханасының жұқпалы аурулар бөліміне жатқызылды. Эпидемияға қарсы іс-шаралар жүргізіліп жатыр.
Ал, қалған екі науқас Ресейден келген Ақтау қаласының тұрғындары. Біреуі - 2000 жылғы 20 жасар студент. Екіншісі - 2 айлық нәресте. Егіздің сыңары. Анасы кішкентаймен бірге ауруханада ем алып жатыр. Ал, егіздің екінші сыңарынан COVID-19 анықталған жоқ. Сондықтан ол туыстарының үйінде.
Қазір екі науқас та ауруханада.
Жалпы, кеше Ресейден облыс орталығына 93 адам келді. Олар бірден үйлеріне жіберілмей, обсервациялық стационарға жатқызылды. Барлығынан COVID-19 анықтайтын сынама алынды. Екі науқастан коронавирус инфекциясы анықталды. Айта кетейік, қалған 91 адам қазір обсервацияда дәрігерлердің бақылауында.
Бүгінгі жағдай бойынша өңірде барлығы 84 адамнан коронавирус анықталды.
Ақтауда – 22;
Жаңаөзенде – 17;
Маңғыстау ауданында – 4;
Мұнайлы ауданында – 3;
Қарақия ауданы – 29;
Бейнеу ауданы – 9;
Жазылып шыққаны – 9;
Қайтыс болған – 1.