Маңғыстау облысында COVID-19 жұқтырған тағы бір адам тіркелді. Ол осыған дейін вируспен тіркелген 24 жастағы полиция қызметкерінің атасы. 71 жастағы зейнеткер Ақтауда тұрады. Науқастармен байланыста болғандықтан провизорға жатқызылған болатын, делінген Маңғыстау облысының қоғамдық коммуникация орталығы таратқан ақпаратта.
Санитарлық дәрігерлердің айтуынша, ПТР диагностикалық зерттеу нәтижелері бойынша COVID-19 диагнозы нақтыланды. Бұл мекен жай осыған дейін карантинге жабылып, дезинфекцияланған болатын. Эпидемияға қарсы іс-шаралар жалғасуда.
26.04.2020 ж. жағдай бойынша өңірде барлығы 27 адамнан COVID-19 вирусы тіркелді.
Ақтауда – 16;
Жаңаөзенде – 4;
Маңғыстау ауданында – 4;
Мұнайлы ауданында – 3;
Жазылып шыққаны – 4;
Қайтыс болған – 1.
Ауырғандардың контингенті бойынша: медицина қызметкері – 1 жағдай, полиция қызметкерлері – 5 адам, әскери қызметкер – 2 жағдай, зейнеткер – 3 жағдай және жұмыссыздар – 14 адам, бала – 2.