«Қазақстан Республикасында төтенше жағдайды енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 15 наурыздағы №285 Жарлығын іске асыру жөнінде шаралар қабылдау шеңберінде, сондай-ақ COVID-19 коронавирусының таралуына жол бермеу мақсатында, Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің 2020 жылғы 17 наурыздағы №81 бұйрығымен:
- Агенттікте және оның аумақтық органдарында мәжілістердің барлық түрін жүргізу, оның ішінде басқа мемлекеттік органдарға және ұйымдарға бару арқылы, сонымен қатар Агенттіктің арнайы мониторингтік топтарының, ақпараттық-насихаттау штабтарының, жобалық кеңселерінің өкілдерін, қоғамдастықты, Қоғамдық кеңес мүшелерін және оларға қатысу үшін басқа да адамдарды шақыру барынша азайтылды;
- төтенше жағдай кезеңінде Агенттіктің арнайы мониторингтік топтары, ақпараттық-насихаттау штабтары мен жобалау кеңселері өкілдерінің мемлекеттік органдардың, сондай-ақ өзге де ұйымдардың ғимараттары мен жайларына тиісті қоғамдық бірлестіктердің қызметін жүзеге асыру шеңберінде баруына жол берілмейді;
- Агенттік пен аумақтық органдардың басшыларының азаматтарды қабылдауы тоқтатылды.