Қазақстанның Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов тағы 2 науқастың анықталғанын мәлімдеді.
«Бірінші науқас 1959 жылғы әйел адам осыған дейін Мәскеуден келген вирус жұқтырған ер адамның жұбайы. Сонымен қатар, Алматы-Сеул бағытында ұшып келген 1995 жылғы ер адамнан да коронавирус анықталды. Қазір бірге ұшып келген жолаушылар карантинге алынды» деді елдің Денсаулық сақтау министрі.