Осы жылдың 18 наурызына жоспарланған «Nur Otan» партиясы Саяси кеңесінің отырысы өтпейтін болды. Бұл туралы Бауыржан Байбек Twitter парақшасында мәлімдеді.
«Коронавирус індеті таралу қаупінің алдын алу үшін шектеу шараларының енгізілуіне байланысты «Nur Otan» партиясының 2020 жылғы 18 наурызға белгіленген Саяси кеңесінің отырысын өткізу тоқтатылады» деп жазды партия Төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек.