14-16 қараша аралығында облыс орталығындағы «Халық Арена» спорт кешенінде қазақ күресінен Қазақстан Республикасының чемпионаты өтеді, деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.
Жарыс 17 салмақ дәрежесін қамтиды, оның 9-ы ерлер арасында, 8-і әйелдер арасында.
Республикалық турнирге еліміздің 17 облысы мен Астана, Алматы, Шымкент қалаларынан барлығы 500-ге жуық палуан қатысады.
Чемпионат қорытындысы бойынша 2024-2025 жылғы жаңа маусымға ұлттық құрама жасақталып, 2024 жылы өтетін Әлем чемпионаты мен Көшпенділер ойындарына мықтылар іріктеледі.
Жекпе-жек 14 қазан күні Halyk Arena спорт кешенінде сағат 10.00-де басталады.
Жанкүйерлер мен көрермендер үшін кіру тегін.